Алматы көпсалалы колледжі
80 жылдан астам уақыт бойы ең өзекті және сұранысқа ие мамандықтарды дайындап келеді және келесі мамандықтар бойынша тегін оқуға шақырады:
- 07221400 «Жиһаз өндірісі»
- 07150900 «Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану»
- 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
- 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)
- 02120100 «Интерьер дизайны»
- 02110300 «Графикалық және мультимедиялық дизайн»
- 03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану»
Біздің мақсатымыз - сіздің табысты мансабыңыз үшін сапалы білім беру.
Біз сізге өз бизнесіңізді дамытуға немесе ірі компанияларда жұмыс істеу үшін қолданатын білім береміз.
Біздің артықшылықтарымыз:
- Тегін оқыту – 500 білім беру гранты;
- Тегін жатақханада тұру - басқа қаладан келгендер үшін;
- Тегін ыстық тамақ;
- Кепілдендірілген мемлекеттік шәкіртақы;
- Көлікте жол жүруге жеңілдік.
АКК таңдау арқылы қол жеткізетін мүмкіндіктеріңіз:
- Шет тілдерін тегін үйрену: ағылшын, түрік, қытай;
- Қаланың үздік компанияларында еңбекақы ала отырып тәжірибеден өту;
- 100% жұмыспен қамту;
- Армияға шақыруды кейінге қалдыру;
- Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқудың ұмытылмас тәжірибесі;
- Басқа колледждерден студенттерді курсты жоғалтпай ауыстыру және шетел азаматтарын қабылдау.
Ұлттық және шетелдік университеттермен, компаниялар және кәсіпорындармен 100-ден астам меморандумдар мен халықаралық келісімдерге қол қойылды.
Қытай, Англия, АҚШ, Германия, Малайзия, Түркия, Корея сияқты әлемнің жетекші елдерінде шетелдік тағылымдамадан өткен, сертификатталған өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылары Сіздерді оқытатын болады.
Тек бізде ғана кәсіби, академиялық және мансаптық ұтқырлық үшін көбірек мүмкіндіктер бар!
Бізбен бірге кәсіби болашағыңызды құрыңыз!
2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жоспары