«Дизайн» бөлімі
Мамандық: 02120100 «Интерьер дизайны»
Біліктілігі: 3w02120101 «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы»
«Дизайн» мамандығы шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және біртұтас эстетикалық қабылдау мен көркемдік талғамды қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіби қызмет объектісі: мәдениет және өнер мекемелері, үйлердің, үй-жайлардың дизайн салалары, жеке шеберханалар.
Дизайнер - бұл өзінің шығармашылығын қолдана отырып, әдемі және функционалдылықты дамытатын адам. Әр дизайнер сурет сала білуі керек, бағдарламалық жасақтама мен құрылғылармен жұмыс істеу дағдылары маңызды.
Негізгі қызметі: Көркемдік-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы-көркемдік тәсілдер мен құралдарды безендіру мақсатында пайдаланатын бейнелеу өнері саласындағы маман.
Артықшылықтары көптеген түрлі техникаларды, әдістерді және сонымен қатар нәзік көркемдік талғамға ие. Сондай-ақ бірегей авторлық коллекциялық бұйымдарды жасау.
Оқыту тілі: қазақша, орысша
Оқыту мерзімі: 2 жыл 10 ай
Мамандық: 03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану»
Біліктілігі: 3w03220201 «Офис менеджер», 4s03220203 – «Мұрағатшы»
Негізгі қызметі:
* Кіріс және шығыс құжаттамаларын қабылдайды және өңдейді;
* Құжаттардың дерекқорын жүргізеді: әрі қарай тіркеу және сақтау үшін құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді, сақтау мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады, есептілік жасайды, сақтауға жатпайтын құжаттарды жою үшін ілеспе құжаттарды дайындайды;
* Құжаттаманы есепке алу, сақтау, бөлімшелерге беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
* Қызметкерлердің қажетті тауарлары мен қызметтеріне қажеттіліктерді анықтайды;
* Оңтайлы еңбек жағдайларын жасау үшін қызметкерлерді шығын материалдарымен, тауарлармен, жабдықтармен және қызметтермен қамтамасыз етеді;
* Кеңсе жабдықтарының тиісті жай-күйін және оған сервистік қызмет көрсетуді бақылауды жүзеге асырады;
* Қызметкерлердің іс-сапарлары мен іс-шараларын қамтамасыз етеді;
* Іскер қонақтарды сүйемелдеуді және қызметкерлер мен іскер қонақтар үшін іс-шараларды қамтамасыз етуді ұйымдастырады
Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану мамандығы жұмысқа орналасу тұрғысынан сұранысқа ие. Мамандық иесінің болашағы зор.
* Құрылымдық бөлімшелерден істер мен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, оларды өңдеуді, есепке алуды, жинақтауды және сақтауды ұйымдастырады;
* Мұрағаттық сақтауға түсетін мұрағаттық құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізеді;
* Бөлу туралы істер мен актілердің тізімдемесін жасау талаптарын, тәртібін сақтайды
сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға;
* Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың сақтауын ұйымдастырады;
* Электрондық (цифрлық) мұрағат жүйесін енгізуге, мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасауға, сараптамалық-тексеру, әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады;
* Мемлекеттік мекемелер мен жекелеген азаматтардың сұраулары бойынша Мұрағаттық істерді, құжаттарды, мұрағаттық анықтамаларды, көшірмелер мен үзінді көшірмелерді беру бойынша жұмыстарды орындайды;
* Мұрағаттық істер мен құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексереді, мұрағаттың есептік құжаттамасын жүргізеді.
Жұмыс орны:
Кадрлар бөлімінің инспекторы, іс жүргізуші,кеңсе менеджері, хатшы болып жұмыс істей алады, шағын ұйымды басқарады.
Оқыту тілі: Қазақша
Оқыту мерзімі: 2 жыл 10 ай
Мамандық: 02110300 «Графикалық және мультимедиялық дизайн»
Біліктілігі: 4S02110304 «Графикалық дизайнер»
«Графикалық және мультимедиялық дизайн» мамандығы әртүрлі қызмет салаларында қажет графика және мультимедия саласындағы мамандарды дайындайды. Олар әртүрлі салаларда, соның ішінде веб-сайттармен, кинода, теледидарда, жарнамада, білім беру мекемелерінде, жобалау және өндірістік фирмаларда, корпоративтік компаниялармен және т.б. жұмыс істей алуы керек.
«Графикалық және мультимедиялық дизайн» мамандығы сұранысқа ие «Графикалық дизайнер» бағыты бойынша мамандарды дайындайды.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтаған кезде жоғары білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыруға болады
«Дизайн» бөлімінің меңгерушісі
Нүсіпбекова Мәкен Әкімқазықызы
Байланыс телефондары: 87778153660
E-mail: Nusipbekova.maken@mail.ru