Оқу-әдістемелік бірлестік қызметі

Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК жанындағы ОӘБ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «30» сәуірдегі № 171 бұйрығына сәйкес Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК екі мамандық бойынша ОӘБ болып табылады:

  • 07150900 Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау
  • 03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану

ОӘБ-нің негізгі мақсаты – ТжКБ ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табылады.

ОӘБ қызметінің негізгі міндеттері:

  1. ТжКБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
  2. ТжКБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;
  3. ТжКБ ұйымдарын оқу процесін ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ету;
  4. дайындалған оқу әдебиеттеріне, аударылған шетелдік оқу әдебиеттеріне және оқу құралдарына, ТжКББ білім беру бағдарламаларына, әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі мақсаттағы тест тапсырмаларына сараптама жүргізу, рецензиялау;
  5. оқу әдебиеттерін, ОӘК, электрондық оқулықтарды сынақтан өткізуді ұйымдастыру;
  6. ТжКБ ұйымдарында пайдалану үшін қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының, ОӘК тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсынымдар енгізу;
  7. Инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;
  8. Кредиттік оқыту технологиясын және дуальды оқыту жүйесін енгізу практикасын талдау;
  9. ОӘБ бейініне сәйкес келетін ТжКБ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ұйымдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.

Соңғы 5 жылда «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК оқу процесіне модульдік-құзыреттілік (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығы) және дуальды («Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы) оқыту бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК ОӘБ ТжКБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау бойынша БҒМ жұмыс топтарына жүйелі түрде қатысады. Соңғы 5 жылда «Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша 2 оқу құралы әзірленді: 2018 жылы «Тоңазытқыш жабдықтарын монтаждау, пайдалану және жөндеу" оқу құралы және 2020 жылы «Жабдықтарды жөндеу шебері (өнеркәсіпте)» оқу құралы.

2020 жылы «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК ОӘБ оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 07150900 Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану, 03220200 басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде өзектендірілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.

ОӘБ құрамы:

 п/п

 Жауапты қызметкердің Т.   А. Ә.

 Лауазымы

 жұм./ моб. телефон,   электрондық пошта

  1

 Бейсетбаев Асылхан  Косылханович

 ОӘБ төрағасы, колледж  директоры

 +77272652120

 amk_rko@mail.ru

  2

 Абилхасимова Әлия  Есенжолқызы

 Директордың ОӘБ жөніндегі  орынбасары

 +77075658793

 amk.umo0105@gmail.com

 Әзірлеу және сараптама жөніндегі жұмыс топтары

  3

 Мейрашев Мурат  Анашбаевич

 «07150900 Тоңазытқыш-   компрессорлық  машиналар мен   қондырғыларды  пайдалану мен  монтаждау» мамандығы  бойынша өндірістік оқыту   шебері және арнайы пәндер  оқытушысы

 +77479583669

 meirashev62@bk.ru

  4

 Ермекбаева Акжунис  Жундибаевна

 «07150900 Тоңазытқыш   -   компрессорлық  машиналар мен   қондырғыларды  пайдалану мен  монтаждау» мамандығы  бойынша арнайы пәндер  оқытушысы

 +77763740114

 aka_naiman@mail.ru

5

Елекенова Зарина Сакеновна

«07150900 Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы

+77022577005

yelekenova@inbox.ru

  6

Абуталипова Куляш Мукатаевна

«03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы

+77026249149

kulyash.abutalipova@mail.ru

  7

Бекбергенова Мөлдір Саметхановна

«03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы

+77072733326

Bekbergenovam@mail.ru