Алматы көпсалалы колледж | Алматинский многопрофильный колледж

Жас маман

blog-img

"Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылу салтанатында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

"Еңбек "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің қаулысымен "Talap" КЕАҚ "жас маман"жобасының операторы болып белгіленді.

"Жас маман" жобасының мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 аса сұранысқа ие мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Оңірлер бөлінісінде неғұрлым сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік кәсіпті айқындау;
  • Таңдалған мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен ЖОО-ларды іріктеу;
  • Сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;
  • Білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;
  • Косымша қаржыландыру шартымен колледждерге жабдықтар сатып алу (жергілікті бюджеттер есебінен кемінде 5%).
  • Лизингтік тетік арқылы және/немесе жоо-лардың өз қаражаты есебінен ЖОО-лар үшін жабдықтарды сатып алу.

"Жас маман" жобасын іске асыру қорытындысы бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады, мәлімделген мамандық бойынша өз өңірі үшін құзырет орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлайтын болады.

"Жас маман" жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы көпсалалы колледжі" КМҚК-да жетекші әлемдік өндірушілердің жабдықтарын сатып алу жүзеге асырылды және "тоңазытқыш техникасы және кондиционерлеу жүйелері "бағыты бойынша WorldSkills құзыреттер орталығы"Қазақстан Республикасында жалғыз ашылды. WSK ОК базасында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ қалалық және халықаралық деңгейде жеткізілген жабдықтармен жұмыс істеу бойынша WSK чемпионатына қатысушылардың студенттері даярланады.

"Жас маман" колледж