Алматы көпсалалы колледж | Алматинский многопрофильный колледж

Көпфункционалды құзыреттілік орталығы

КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ҚҰЗЫРЕТТЕР ОРТАЛЫҒЫ

Оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханалар


Құзыреттілік орталығы ЕРЕЖЕСІ

 

КГКП «Алматинский многопрофильный колледж» базасында студенттік бизнес-инкубатор және жұмысшы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Көпсалалы құзыреттер орталығы жұмыс істейді. Олардың қатарында: «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Салқындатқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды монтаждау және пайдалану», «Жиһаз өндірісі», «IT мамандықтары» және «Дизайн саласының мамандары».

Орталықта барлық мүдделі тараптарға арналған диалогтық алаң қалыптастырылған: педагогтар мен өндірістік мамандар үшін мастер-кластар, семинарлар, тренингтер өткізіледі; WorldSkills чемпионаттарының барлық деңгейлеріне қатысушыларды дайындауға арналған жаттығу алаңы ұйымдастырылған. Жұмыс беруші-серіктестер тарапынан колледжге инвестиция тарту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс беруші-серіктестер қатарындағы сарапшылардың қатысуымен колледж түлектеріне демонстрациялық емтихандар өткізіледі және колледж студенттерінің академиялық ұтқырлық жобалары іске асырылады.

I. «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына арналған зертхана

«AutoMasterLab» – автосервис технологияларын оқуға арналған заманауи диагностикалық және жөндеу жабдықтарымен жабдықталған. Бұл зертхана студенттерге автомобиль технологияларын тәжірибелік тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді және келесі аймақтардан тұрады:

Оқытушының жұмыс орны

·        Моноблок Av Tech – оқу материалдары, техникалық ақпарат талдауы және дәрістер өткізуге арналған қуатты компьютерлік кешен. Презентацияларды, оқу бағдарламаларын және студенттердің білімін тестілеуді басқаруға мүмкіндік береді.

·        Интерактивті панель Roqed (Electude бағдарламасымен) – автомобиль технологияларын визуализациялаудың заманауи құралы; интерактивті схемалар, техникалық үдерістер және автомобиль жүйелерінің жұмыс симуляцияларын көрсетуге мүмкіндік береді.

·        Electude оқу модульдері – автомобиль механикасы, диагностикасы және жөндеу бойынша материалдарға қолжеткізу; нақты жағдаяттарды модельдеу және оқу мақсатында талдау.

1. Диагностика аймағы

·        Стойка көтергіш диагностикасы – техникалық байқау әдістерін, аспа, трансмиссия және басқа тораптардың жай-күйін тексеруді үйретеді.

2. Интерактивті оқыту аймағы

·        Қосымша шынайылық технологиясы бар интерактивті-оқыту стенді – 3D-модельдер, интерактивті элементтер және виртуалды сценарийлер арқылы автомобиль жүйелерінің ішкі үдерістерін зерттеуге мүмкіндік береді.

3. Электр жүйелері аймағы

·        «M1 санатындағы а/к жарықтандыру және жарықтық сигнал беру жүйесі» стенді – жарықтандыру, жарықтық сигналдар және қозғалыс қауіпсіздігімен байланысын үйретеді.

·        «Автокөліктердің генераторлық қондырғылары» стенді – генератордың жұмысын, аккумулятормен және энергия тұтынушыларымен өзара әрекетін зерттеу.

4. Қозғалтқышты басқару жүйелері аймағы

·        «Автомобильдердің тұтандыру жүйелері» стенді – тұтандыру жүйелерінің түрлері, құрылысы және жұмыс қағидалары.

·        «Таратылып бүрку жүйесі бар қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі» стенді – жанармай беру жүйесінің жұмысын көрсету, бүрку параметрлерін және қозғалтқыш тиімділігін талдау.

5. Қауіпсіздік аймағы

·        «ABS-пен автокөліктің гидравликалық тежеу жүйесі» стенді – тежеу жүйесінің және ABS жұмысының қағидалары, тежеу үдерістері және дөңгелектердің блокталуын болдырмау.

·        «Иммобилайзерлі ұрлыққа қарсы жүйе» стенді – электрондық қорғау тәсілдерінің жұмыс қағидаларын түсіну.

6. Салқындату жүйелері аймағы

·        «ІЖҚ салқындату жүйесі» стенді – іштен жану қозғалтқышының салқындату жүйесінің жұмысы, элементтері және оңтайлы температураны ұстаудағы рөлі.

Зертхана құрал-саймандармен, диагностикалық аспаптармен және оқу материалдарымен жабдықталған. Студенттер теориямен қатар тәжірибе жасап, болашақ мамандардың даярлық деңгейін арттырады.

II. Бизнес-инкубатор

«Startup Hall» – болашақ кәсіпкерлер болып табылатын клуб студенттері өз жобаларымен жұмыс істейтін, тәжірибе алмасатын, тәлімгерлік алатын және бизнес-идеяларын капитализациялау үшін инвестиция тартатын шығармашылық кеңістік. Клуб мүшелері Enactus Kazakhstan республикалық байқауына қатысады және колледж түлектерін жұмыспен қамтуға арналған жобалар әзірлейді.

Орталықтың жабдықталуы

·        Аудиожүйе – презентациялар, конференциялар және көпшілік алдында сөйлеулер үшін кәсіби дыбыс жабдығы; түрлі форматтарға бейімдеп баптауға болады.

·        Бейнеқаттамасы бар интерактивті панель – контентпен нақты уақытта өзара әрекет; презентация/дәрістерді жазу; стриминг және онлайн-конференциялар.

Функционалдық мүмкіндіктері

·        Цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқу курстары мен мастер-кластар өткізу.

·        Стартаптарды жобаларды демонстрациялау және сарапшылармен өзара әрекет арқылы қолдау.

·        Кездесулер, келіссөздер және презентациялар ұйымдастыру.

·        Контентті жазу және кең аудиторияға трансляциялау.

III. «Интерьер дизайны» мамандығына арналған зертхана

«Архитектура және дизайн орталығы» – жобалау, визуализация және графикалық/архитектуралық элементтерді жасауға арналған оқу-тәжірибелік алаң.

Жабдықталуы

·        Roqed Smart Panel 75 – жоғары рұқсаттылықтағы сенсорлық экран; 3D-модельдеу және топтық жұмыс.

·        Av Tech K40Pro – күрделі графикалық файлдармен жұмыс және жылдам рендеринг.

·        EPSON L805 (6 түс) – портфолио, макет және презентациялық материалдар басып шығару.

·        SKYCUT Cutting Plotter – графикалық элементтерді дәл кесу; шаблондар және интерьерлік шешімдер.

Функционалдық мүмкіндіктері

·        Архитектуралық және дизайнерлік жобаларды әзірлеу.

·        Визуализация, 3D-модельдеу және графикалық дизайн бойынша практикалық сабақтар.

·        Макеттер, сызбалар және презентациялық материалдар дайындау.

·        Интерактивті және баспа құрылғыларымен кәсіби жобалау.

IV. «Жиһаз өндірісі» мамандығына арналған технопарк

«Жиһаз технологиялары орталығы» – студенттерді жиһазды жобалау және өндірудің заманауи әдістеріне оқытуға арналған.

Аймақтар

·        Оқытушы және еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау аймағы: Av Tech моноблогы; Roqed интерактивті панелі.

·        Материалдарды кесу аймағы: Zaitec S3 Pro Drive форматты-кескіш станогы.

·        Қаптау және финалдық өңдеу аймағы: Zaitec 280J жиегін қаптау станогы; AIRTECH AU-15V аспирациялық қондырғысы.

·        Престеу және қалыптау аймағы: МДФ фасадтарына арналған вакуумды пресс.

·        Фрезерлеу және құрастыру аймағы: Zaitec ЧПУ фрезер станогы; бұрандалы компрессор.

Бұл орталық студенттерге теориялық негіздерді меңгерумен қатар практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді және заманауи өндірістік жағдайларда жұмыс істеуге дайын білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.

2024 жылғы 5 желтоқсанда Алматы көппрофильді колледжі базасындағы Құзыреттер орталығында, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, бизнес-серіктес @ProStanki.kz және әлеуметтік серіктес «ДСП Центр» ЖШС қатысуымен Қазақстандағы алғашқы Жиһаз индустриясы технопаркі салтанатты түрде ашылды. Ашылу аясында форум өткізіліп, Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары жиһаз өндірісіндегі инновациялар мен трендтер туралы баяндама жасады.

V. «Ағаш өңдеу және дизайн орталығы»

Ағашты өңдеу, дизайн және декоративті өнер саласындағы құзыреттерді дамытуға арналған оқу-өндірістік алаң.

Жабдық

·        «Hammer» C3 31 – 4-в-1: форматтау, фуговка, рейсмус және фрезер модульдері.

·        «Hammer» 4400 – таспалы ара (лобзик) – нәзік, дәл кесу және декоративті элементтер дайындау.

Мүмкіндіктер

·        Кәсіби жабдықпен жұмыс дағдыларын дамыту.

·        Дизайнерлік және функционалды ағаш бұйымдарын жасау.

·        Ағаш өңдеу бойынша мастер-кластар және практикалық сабақтар.

·        Дизайн мен жобалаудың инновациялық әдістерін енгізу.

VI. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына арналған IT орталығы

«Цифрлық шешімдер орталығы» — 25 компьютерден тұратын заманауи оқу зертханасы.

1. Оқытушы және интерактивті оқыту аймағы

·        Моноблоктар — оқу материалдарын көрсету, цифрлық үдерістерді модельдеу және тестілеу.

·        Интерактивті панельдер — графика, схемалар және презентациялармен нақты уақытта жұмыс.

·        Мультимедиялық жабдық — дыбыс жүйесі, камералар және жазу құралдары.

2. Талдау және жобалау аймағы

·        Студенттік жұмыс станциялары — кәсіби графикалық, инженерлік және аналитикалық бағдарламалар орнатылған компьютерлер.

·        Модельдеу БЖ — деректерді талдау, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және алгоритмдерді тестілеу.

3. Командалық жұмыс және цифрлық зерттеулер аймағы

·        Коворкинг-құрылым — бірлескен жұмыс, идея алмасу және технологиялық шешімдер.

·        Цифрлық өнімдерді сынау аймақтары — үдерістерді модельдеу, тиімділікті тексеру және нақты міндеттерге бейімдеу.

VII. Салқындатқыш-компрессорлық жүйелер орталығы

Салқындату және климаттық жүйелерге арналған жабдық

·        Салқындату бойынша оқыту-жаттығу стенді — салқындату жүйелерінің жұмыс қағидаларын демонстрациялау.

·        Рефрижерация бойынша оқу стенді — компрессор, буландырғыш, конденсатор және басқару жүйесі бар; циклдерді игеру және ақауларды диагностикалау.

·        Екі температуралы рефрижерация стенді — тоңазытқыш және салқындатқыш камераларды бір мезгілде зерттеу.

·        Салқындату жүйелерін конфигурациялау стенді — жобалау және жинақтау дағдылары.

·        Рефрижерация демонстраторы — сығу, конденсация, дроссельдеу, булану үдерістерін көрнекі ету.

·        Ауа кондиционерлеуін зерттеу стенді — сүзу, салқындату, құрғату және желдету.

·        Универсалды рефрижерация стенді — түрлі жүйелерді кешенді оқыту.

·        Сусындарды салқындату камераларын зерттеу стенді — температуралық режимдер және энерготиімділік.

·        HVAC басқару стенді — кондиционерлеу, желдету, жылыту; температура, ылғалдылық, CO₂ датчиктері және интерфейс.

·        Хладагенттің ағып кетуін электронды детектор — қауіпсіздік және қызмет көрсету.

·        ROKLIMA VULTI 4F толтыру станциясы — вакуумдау, заправка және диагностика.

Дәнекерлеу және кесу жабдығы

·        Нүктелік дәнекерлеуге арналған аппарат — жұқа металдарды қосу технологиясы.

·        Плазмалық кесуге арналған инвертор — жоғары дәлдікпен бөлу.

·        Сваркалық генератор — электр желісі болмаған жағдайда автономды дәнекерлеу.

VIII. Төмен температуралық технологиялар зертханасы

Оқу және монтаж жұмыстарына арналған жабдық

·        «Салқындатқыш машинаны монтаждау» стенді — компрессор, конденсатор, буландырғыш, құбыржолдар және басқару элементтерімен жинақтау және қосу үдерістері; монтаж, дәнекерлеу, герметизация және тестілеу.

·        «Ақауларды іздеу» стенді — салқындату және климаттық жүйелердің нақты ақауларын имитациялау; электрлік және механикалық бұзылыстарды диагностикалау және жою.

·        «Электр тізбектері және іске қосу-реттеу жұмыстары» стенді — қосу сұлбалары, іске қосу және реттеу; қоректендіру, релелер, термостаттар, датчиктер және басқару панельдері.

Инструменттік құралдар

·        Дөңгелекті құрал жәшігі (сырмалы сөрелермен) — қол құралдарын сақтау және тасымалдау.

·        Сөрелері, сырмалы жәшіктері және тулбоксы бар құрал шкафы — стационарлы сақтау шешімі.

Бақылау-өлшеу және монтаж жабдығы

·        Цифрлық вакуумметр — вакуумдау деңгейін дәл бақылау.

·        ROMAX COMPACT аккумуляторлы электро-гидравликалық престеу құралы — құбырлар мен фитингтерді престеу.

·        ROTEST ELECTRONIC газ ағып кетуді анықтағыш — жоғары сезімталдық, визуалды және дыбыстық индикация.